17 маусым 2014 13:00

Бетперде киген адамдар май құю бекетіне шабуыл жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аrmenpress.am ©Аrmenpress.am

Ақмола облысында бетперде киген белгісіз біреулер май құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасады, олар қаруы жоқ күзетшіні ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақмола облысында бетперде киген белгісіз біреулер май құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасады, олар қаруы жоқ күзетшіні ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"17 маусым күні сағат 04.00 шамасында полицияға май құю бекетінде оператор болып жұмыс істейтін 48 жастағы әйел хабарласты, ол белгісіз біреулердің қаланың шетіндегі "Эталон Авто" жанармай құю бекетіне пластик есікті сындырып кіргенін мәлімдеді. Олар күзет фирмасы қызметкерінің денесін жарақаттап, 1 млн 300 мың теңге көлеміндегі қаражатты алып кеткен", - делінген хабарламада.

Ішкі істер департаменті мамандарының хабарлауынша, 56 жастағы күзетшіге алғашқы медициналық жәрдем көрсетілген. Оған "Оң жамбастың жоғарғы бөлігі жұмсақ ұлпаларының травматикалық қарумен зақымдануы" деген диагноз қойылды.

Фирма күзетшісінде шабуылдан қорғанатын қару немесе басқа да құрал болмаған. Шабуылшылар сегіз күндік табысты алып кеткен.

Қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстау үшін жедел іздестіру шарасын жүргізіп жатыр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети