28 наурыз 2017 12:59

БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевтың қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© damu.kz © damu.kz

Сот БЖЗҚ ісі бойынша төрт фигуранттың қамау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот БЖЗҚ ісі бойынша төрт фигуранттың қамау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БЖЗҚ" АҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевқа, "БЖЗҚ" АҚ қаржылық қатерлер басқармасының басшысы Мұса Бахтов, "АлатауМұнайАлтын" АҚ бақылау кеңесінің төрағасы, сондай-ақ,  "Бузгул Аурум" ЖШС құрылтайшысы Бақытжан Кенжебаевқа, "Бузгул Аурум" ЖШС директоры Азат Найзағаринға қатысты қолданылған бұлтартпау шарасы 28 сәуірге дейін ұзартылды", - деді Алматы қалалық соттың ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов.

Тергеу кезінде істегі төрт фигурант тергеу изоляторында болады.

Еске сала кетейік, биыл 7 қаңтарда  Руслан Ерденаевтың қамауға алынғаны жайлы хабарланған болатын. Ол бірнеше миллиард теңге жаратты деген күдікпен ұсталған еді.

Ал 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", - деген еді банктегілер.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети