13 мамыр 2014 21:51

БҚО-да аудан әкімінің орынбасары және 5 ауылдың басшылары сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото metronews.ru сайтынан алынды Фото metronews.ru сайтынан алынды

Батыс Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары және 5 ауылдық округтің басшылары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мой город" порталына сілтеме жасай отырып. 


Батыс Қазақстан облысында аудан әкімінің орынбасары және 5 ауылдық округтің басшылары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Мой город" порталына сілтеме жасай отырып. 

Сот Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қарашинді өзіне сеніп тапсырылған мүлікті меншіктеп алды деп айыптап, 5 жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу деректеріне сүйенсек, шенеунік Жәнібек ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге бөлінген ірі көлемдегі қаржыны қолды еткен.  Мемлекетке келтірілген шығын көлемі 1,1 миллион теңгені құрады.

Сондай-ақ 5 ауылдың жолдарын жөндеуге бөлінген 810 мың теңге де ұрланған. Осы 5 ауылдың әкімдері де бюджет қаржысын жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылды. Тергеу жұмыстары анықтағандай басшылар қызметтік актілерге жалған деректер жазған. Олар шартты түрде 3 жылға сотталды. 

Жәнібек ауданы әкімдігінің "Жолаушы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны басшысының міндетін атқарушы Марлен Сайхаденов бюджет қаржысын ұрлаудағы сыбайластығы үшін және "ЖанибекСтройСервис" ЖШС-ның заңсыз әрекеттеріне қатысы бар деп танылып, оған да айып тағылды. Ол да шартты мерзімге сотталды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети