12 қыркүйек 2017 08:47

БҚО-да екі қыз бен үш жасар баланы пышақтап өлтірген: Істің жаңа мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысындағы Зашаған ауылында 5 қыркүйекте болған қанды оқиға бойынша жаңа деректер анықталды. Еске салсақ, бұл күні ер адам 1994 жылғы екі қызды және үш жасар баланы пышақтап өлтірген еді. Жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы Әділет Камаловты полицейлер сол күні кеште ұстап, қамаған еді. 


Батыс Қазақстан облысындағы Зашаған ауылында 5 қыркүйекте болған қанды оқиға бойынша жаңа деректер анықталды. Еске салсақ, бұл күні ер адам 1994 жылғы екі қызды және үш жасар баланы пышақтап өлтірген еді. Жантүршігерлік қылмыс жасады деген күдікпен 23 жастағы Әділет Камаловты полицейлер сол күні кеште ұстап, қамаған еді. 

Ер адам өз кінәсін мойындап отыр екен және бұл істі қызғаныштан жасағанын айтқан. Ол өлтірілген баланың анасымен бірге тұрғысы келіпті, алайда келіншек қарсы болған. Бастапқыда ер адам келіншектің құрбысын өлтірген, кейін балаға пышақ салған, осыдан кейін үйге кірген келіншекті де пышақтап тастаған. Ол әрбір құрбанына шамамен 20 рет пышақ салған да, кейін үйді өртеп жіберген.


Өлтірілген Баянсұлу Қанат пен оның баласының жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. © uralskweek.kz

Ал баланың әкесі Камалов бұл істеді дегенге сенбейтінін айтып отыр. "Мұның алдында ұрлық жасағаны үшін сотты болған шығар, бірақ оның мұндай ауыр қылмысқа бармайтыны көрініп тұр. Оның үстіне, өзінің отбасы, балалары бар. Әке бола тұра, бөтеннің баласын осылай қалайша өлтіреді? Мұның алдында оны танымасам да, әйелім мен баламды және тағы бір қызды өлтірді дегенге сене алмаймын", - деп мәлімдеген Мереке Серікжан "Уральская неделя" басылымына берген сұхбатында. 

Өлтірілген қыздардың бірінің ағасы оқиғаға әлі де сене алмайтынын айтқан. Айтуынша, әлі де жиені Баянсұлу аман-есен тұрғандай болады екен. "Ол кімге кедергі жасапты? - дейді ер адам. - Қарапайым отбасыдан шыққан қарапайым қыз. Оралға Тасқала ауданынан көшіп келгенбіз. Баянсұлу өте пысық қыз еді, наубайханада жұмыс істейтін. Соңғы кездері күйеуі екеуі ұрысып қалып, соңғы бір жылда бөлек тұрып келген".

Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Екi немесе одан көп адамды өлтіру") бойынша іс қозғалды. Күдікті 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Екі әйел мен баланың мәйіті 5 қыркүйекте Зашаған ауылының Южная көшесінің бойындағы жеке үйден табылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети