21 шілде 2015 11:17

Бішкекте өлген лаңкестердің аты-жөндері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда өлген және ұсталған лаңкестердің аты-жөндері анықталды. Тізімді "24.kg" ақпарат агенттігі жариялады, агенттік мәліметті арнайы қызметтен алған.


Қырғызстанда өлген және ұсталған лаңкестердің аты-жөндері анықталды. Тізімді "24.kg" ақпарат агенттігі жариялады, агенттік мәліметті арнайы қызметтен алған.

Арнайы қызметтің мәліметінше, МҰҚК операциясы кезінде Аламудун ауылында көзі жойылғандар: Қазақстан азаматы Орынбасар Нұрпазылов, 1987 жылғы, Аман Арыстанов, 1980 жылғы - Қырғызстан азаматы. Сонымен қатар, Бішкекте өлгендер: Жанболат Аманов (БАҚ-тарда Амиров деп жазылған), 1988 жылғы, Қазақстан азаматы және Тариель Жұмағұлов, 1981 жылғы, Қырғызстан азаматы.

Сонымен қатар, ұсталғандардың аты-жөндері анықталды. Олар Алтынбек Итибаев, Еркінбек Қадыров, Мирслан Бекмамат ұлы және Адиманас Құрбанбаев - барлығы Қырғызстан азаматтары. Ұсталған тағы екі азаматтың аты-жөндері анықталып жатыр. 

Қырғызстанның арнайы қызметі тағы екі күдіктіні іздестіріп жатыр. БАҚ мәліметінше, лаңкестер ДАИШ-пен байланысы бар ұйымның құрамына кірген. Бұл ұйым мүшелері 2015 жылдың 16 шілдесінде Бішкекте өлтірілген болатын. 

Қырғызстанда елден кетіп бара жатқан жерінен Бішкекте өлтірілген лаңкестерге көмектесіп, оларды ақшамен және қарумен қамтамасыз етті деген күдікпен Жоғарғы Кеңестің бұрынғы депутаты ұсталған болатын. Ұсталған Мақсат Кунакунов болуы мүмкін. МҰҚҚ мәліметінше, бұрынғы депутат Мақсат Кунакунов ДАИШ-тың 16 шілде күні өлтірілген мүшелерімен байланыc орнатып, оларға ақша берген. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, экс-депутат ұйым лидерлерінің бірі Тариела Жұмағұлов арқылы лаңкестерге ақша беріп, оларды қарумен қамтамасыз етіп отырған. 

Еске сала кетейік, Қырғызстан астанасындағы арнайы операция 16 шілдеде кешкі уақытта болды. Қырғызстан Республикасы МҰҚК мәліметінше, арнайы операция кезінде лаңкес болуы мүмкін делінген төрт күдіктінің көзі жойылды, лаңкестік топтың тағы жеті мүшесі ұсталды. Қырғызстан ведомствосының мәліметінше, лаңкестік ұйымға Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары мүше болған және оларды 27 жастағы қазақстандық Жанболат Амиров басқарған. Ол тағы бір қазақстандық Альберт Абхинмен бірге түрмеден қашып кеткен болатын, Абхин ұсталу кезінде өзін-өзі жарып жіберді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети