17 маусым 2014 15:58

Челах маусым айының соңында анасымен кездеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владислав Челах анасымен бірге. ©Youtube.com Владислав Челах анасымен бірге. ©Youtube.com

Өмір бойғы жаза арқалаған шекарашы Владислав Челах маусым айының соңында туыстарымен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотталушының анасы Светлана Ващенкоға сілтеме жасап.


Өмір бойғы жаза арқалаған шекарашы Владислав Челах маусым айының соңында туыстарымен кездеседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сотталушының анасы Светлана Ващенкоға сілтеме жасап.

Ващенко кездесуге өзінің күйеуімен барады. Кездесу кезінде оған азық-түлік пен басқа да заттар беріп жіберуге рұқсат етіледі. Әйелдің айтуынша, Челах ешқандай өтініш немесе шағым айтпаған. 

Ващенко ұлынан хатты өте сирек алатынын айтты. Соңғы жарты жылда Челахтан екі хат қана келген. "Хаттарында ол денсаулығымызды сұрап, достарына сәлем жолдады. Өзінде жазуға тұрарлық ешқандай жаңалық жоқ екенін айтты", - дейді Ващенко.

Еске салайық, Челах Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жаза өтеп жатыр. Жергілікті қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мамандарының түсіндіруінше, бұл колонияда сотталғандардың жұмыс істеуіне, яғни табыс табуына мүмкіндік қарастырылмаған. Сот шекарашыны марқұм болғандардың отбасына 25 млн теңге төлеуге міндеттеген болатын. Бірақ Ващенко ұлының колонияда жұмыс істеуге ниетті емес екенін айтты, себебі ол өзін кінәлі және біреуге борышты санамайды.

Маусым айының соңында адвокат Челахтың шағымын БҰҰ-ға жіберуі тиіс. Бұл - сотталушының соңғы мүмкіндігі. Халықаралық ұйымның шешімі кеңес беру сипатында ғана болатыны белгілі, дегенмен адвокат Серік Сәрсенов сот "Арқанкерген" бекетіндегі жаппай кісі өліміне қатысты істі қайта қарайды деп үміттенеді. Бұл оқиға 2012 жылдың мамыр айында болған еді. Ал Владислав Челахқа сол жылдың желтоқсан айында үкім шығарылды.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети