Денис Тен өлімі: Күдіктілер айыппен келіспеді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан үзінді © Tengrinews.kz Видеодан үзінді © Tengrinews.kz

Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты басты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты басты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Іс бойынша айыпталушылар - Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.

Арман Құдайбергенов өзіне тағылған айыптарды жартылай мойындады. Нұралы Қиясов пен Жанар Толыбаева тағылған айыпты мойындаған жоқ. 

"Мен ұрлық жасағанымды мойындаймын, бірақ кісі өлтіруге қатысым жоқ. Менің ондай ойым болған жоқ. Үшінші эпизод бойынша, мен әйнекті алдым, бұл рас, бірақ адам өлтіру деген ойыма да кіріп-шыққан емес. (...) Мен адам денсаулығына зиян келтірген емеспін", - деді сотталушы Арман Құдайбергенов. 

Үшінші күдікті Жанар Толыбаева соттан өзіне тағылған айыпты басқа бапқа ауыстыруына өтінді. 

"Мен қылмысқа бара жатқанымды білмедім. Маған тағылған айыпты өзгертуіңізді өтінемін, мен пышақ жарақатын салғанын көргенім жоқ. Толықтай мойындамаймын", - деді қыз бала. 


Фото: Tengrinews.kz

Арман Құдайбергеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 2-тармағы, 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары және 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармақтары бойынша айып тағылған. 

Нұралы Қиясовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары, 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармақтары бойынша айып тағылған. 

Жанар Толыбаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 434-бабы бойынша айып тағылған. 


© Tengrinews.kz

Қылмыстық істің көлемі - 38 том. 

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақатынан қайтыс болды. Мәнерлеп сырғанау шеберіне автоұрылар қылмыс үстінде ұсталып, шабуыл жасаған. Оқиға Құрманғазы және Байсейітов көшелерінің қиылысында болған. 

Мәнерлеп сырғанаушыға қайтыс болғаннан кейін ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың бұйрығымен "қоғамдық құқықтық тәртіпті орнатуға белсенді атсалысқаны үшін" медалі берілді. 

Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Тақта Назарбаев даңғылында спортшы тұрған үйдің алдында орнатылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.28  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro