09 қыркүйек 2015 11:28

Екібастұзда букмекер кеңсесінің операторы касса қаражатын өз күйеуіне тонатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда букмекер кеңсесінің операторы касса қаражатын күйеуіне тонатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Екібастұзда букмекер кеңсесінің операторы касса қаражатын күйеуіне тонатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық ішкі істер басқармасынына Екібастұз қаласының 22 жастағы тұрғыны хабар берген. Букмекер кеңсесінің операторы болып қызмет ететін ол мекемеге бетперде киген белгісіз үш ер адамның кіріп келіп, алтын әшекейлер мен 460 мың теңге сомасында қаражатты алып кеткенін айтып, арызданды. 

Алайда, полицейлердің мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының барысында арызданушының сөзі жалған болып шықты. Тергеу кезінде арызданған әйелдің 22 жастағы күйеуінің алдын ала өз әйелімен келісімге келіп, қаражатты алып кеткені анықталды. Кейін ер адам ақшаны қолды қылғысы келгенін, сондықтан тонау туралы оқиғаны ойдан шығарғанын мойындады.  

"Қазіргі уақытта күдіктіге әйелге қатысты ҚР ҚК 419-бабы ("Жалған хабар беру") бойынша, ал оның күйеуіне қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша ("Тонау") соталды тергеу жүріп жатыр", - делінген ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. Олар Екібастұз қаласының ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети