08 мамыр 2015 17:36

Екібастұздағы "Қазпошта" қару-жарақсыз тоналған - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Yaostrov.ru сайынан Yaostrov.ru сайынан

"Қазпошта" АҚ Екібастұздағы бөлімшесін тонағандар бес қалтаға салынған ақшаны қару-жарақсыз алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бөлімше 6 мамырда таңертеңгі уақытта тоналды.

Полицияның мәліметінше, Екібастұздағы "Қазпошта" бөлімшесін тонағандар қару-жарақсыз болған. Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі қылмыстық оқиға туралы толық ақпарат берді. "Осы жылдың 6 мамырында сағат 06.30-да Екібастұздағы ІІБ кезекші бөлімшесіне пошта қызметінің күзетшісіне ақша ұрлау мақсатында шабуыл жасалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Осы хабарламаны тексеру барысында шұғыл-тергеу тобы құрылып, 6 мамырда таңғы сағат 04.10-да екінші қабаттағы терезенің әйнегін сындыру жолымен заңсыз жолмен арнайы байланыс бөлмесінен 59 900 000 теңгенің ұрланғаны анықталды", - делінген ведмствоның баспасөз хабарламасында.

Полицейлер күзетшінің тонау кезінде ес-түсін білмегендіктен қанша адамның шабуылдағанын көре алмағанын айтты. ІІД сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тоналған Қазпошта бөлімшесі қалалық полиция басқармасы және әкімдікпен бір көшеде орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети