08 мамыр 2014 10:07

Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері кокаин тасымалдағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

АҚШ соты екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерді контрабандалық жолмен кокаин тасымалдағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды РИА Новости.


АҚШ соты екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерді контрабандалық жолмен кокаин тасымалдағаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Соттың үкімі шыққан күні Лео Шарп 90 жасқа толған.  Федеральды сот  Нэнси Эдмундс ардагердің егде тартқан жасы мен екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандығы үкім шығаруда көмектесе алмағанын, бұл сот ісінің қиын әрі жиіркенішті екенін айтқан. 

Лео Шарп  Мичигандағы мексикалық есірткі тұтынушыларға тоннадан астам кокаин тасымалдағанын мойындап отыр.  2011 жылы ардагер алғашқы рет көлігіне есірткі тиеп алып бара жатқан кезде ұсталған. 

Сотта Шарп қайғыдан құсаланып өлетінін, үш жылдық бас бостандығынан айырылу өліммен тең екенін жеткізген.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети