09 шілде 2016 14:21

Ерасыл Әубәкіровті өлтіру ісі бойынша тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерасыл Әубәкіров. © Instagram Ерасыл Әубәкіров. © Instagram

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті Астанада студент Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 


Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті Астанада студент Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

"Е.О.Әубәкіровтің өлімі дерегі бойынша қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуі аяқталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер мен олардың өкілдеріне, күдіктілерге, сонымен қатар олардың қорғаушыларына тергеу әрекеттерінің аяқталып, қылмыстық іс материалдарымен танысудың басталғаны хабарланды", - деп хабарлады редакцияның ресми сауалына берілген жауапта Алмас Сәдубаев.

Алайда ҚР ІІМ өкілдері сотқа дейінгі тергеудің мәліметтерін жария етпей отыр. "ҚР ҚПК талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жария етуге жатпайды. Мәліметтер прокурордың рұқсатымен, егер тергеу мүддесіне қайшы болмаса және өзге тұлғадардың құқығын бұзу мен заңды мүдделерін бұзбаса жария етілуге жатады", - деп хабарлады ІІМ өкілдері. 

Осыған дейін Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша істе Аян Мейірбаевтың кепілақымен босап шыққаны белгілі болған еді. Аян Мейірбаевқа қатыстықылмыстық қудалау тоқтатылған болатын.

Еске салайық, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіровтің зорлық белгілері бар мәйітін полицейлер 10 ақпанда тапқан болатын. Кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды. Ерасыл Әубәкіров елордадағы медициналық университеттің алтын курсының студенті еді. Ол 3 ақпанда үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Келесі күні оның жоғалғаны жайлы хабарды достары таратты.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети