13 сәуір 2016 17:24

Ермегияев ісі бойынша сотталушы EXPO қаражатының қалай жаратылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сотта сотталушы Марс Шормановтан жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша сотта сотталушы Марс Шормановтан жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол - "Компания АДС" ЖШС президенті. Оның компаниясы Астанадағы халықаралық EXPO көрмесінің территориясында нысандар салумен айналысқан. Шорманов ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті бойынша ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") айыпталып жатыр.

Шорманов EXPO нысандарының құрылысына бюджеттен бөлінген қаражаттың жартысының компанияның басқа жобаларын қаржыландыруға жұмсалғанын мойындады. Нақтырақ айтқанда, қаражаттың бір бөлігі Өскемендегі драма театрының құрылысына бөлінген. Бұл театр 2015 жылдың сәуірінде пайдалануға берілген.

"Қаражаттың жартысы біздің Алматыдағы кеңсеміздің құрылысына бөлінді, шамамен 120 миллион теңге. (...) Тілекметовтің (Алпысбек Тілекметов - Марс Шормановтың серіктесі - Авт.) 88 миллион теңге сомасындағы кредит жабуға жұмсалды. Бұл кредит EXPO қаражатынан жабылды. Мен осы жерде айыбымды мойындаймын. (...) Шамамен 130 миллион теңгені Тілекметов өз қажетіне жаратты", - деді сотталушы.  

Сонымен қатар, ол сотқа өз компаниясына аударылған қаражаттың қолма-қола ақшаға айналдырылып, пара ретінде берілгенін айтып берді. "Алматыдағы кеңсемізге кезекті бір рет барғанымызда Тілекметов қаражатты ЭКСПО басшылығына пара ретінде берілді деп айтты", - деді Шорманов. 

"Мен екі миллиард теңгеден аса қаражатты санадым. Мүмкін, 2 миллиард 800 миллион болған шығар. Мен қазір нақты соманы есіме түсіре алмай тұрмын. Мен 2 миллиард 800 миллион теңгені құрттым деп айтқым келмейді. Бірақ 2 миллиард 400 миллионмен шектелдім деп те кесіп айта алмаймын", - деп түсіндірді Шорманов осыған дейінгі есепті арнайы қағазға жазып отырғанын, бірақ оның қазіргі таңда жойылғанын атап өтіп. 

"Менен бірінші рет жауап алынғанға дейін бұл қағаздарды жойғанмын", - деп мойындады ол.

"Кінәмді мойындаймын, өкінемін. Шығынды нақтылауға, оны өндіріп беруге дайынмын", - деп қорытты сотталушы Марс Шорманов.

Айта кетейік, Шорманов өз сөзінде айтып өткен Алпысбек Тілекметов те осы істе күдікке ілінген, ол "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша айыпталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети