19 мамыр 2014 12:12

"Ертіс" клубының спорттық директоры жансақтау бөлімінен шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Ысқақов. Сурет: fcirtysh.kz Болат Ысқақов. Сурет: fcirtysh.kz

Қаскөйлердің қолынан зардап шеккен "Ертіс" футбол клубы спорттық директорының жағдайы бір қалыпты, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.


Қаскөйлердің қолынан зардап шеккен "Ертіс" футбол клубы спорттық директорының жағдайы бір қалыпты, деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы.

Клубтың спорттық директоры Болат Ысқақовқа операция жасалып, жансақтау бөлімінен шығарылды. Дәрігерлер оның денсаулығын бір қалыпты деп бағалап отыр. Ал, клубтың бас директоры Халімжан Ержанов болса Павлодар облысының ІІД қызметкерлеріне куәгер ретінде түсініктеме беріп жатыр. Бұл мәселеге байланысты алдағы уақытта клубтың директорының қатысуымен арнайы баспасөз жиыны өтетін болады.

Еске салайық, бұл оқыс оқиға жексенбі, 18 мамыр күні Павлодарда болған. Бетперде киген белгісіз екі адам клуб басшыларын Ержановтың жалдамалы пәтерінің алдында күтіп тұрған. Олар лифттен шыққан сәтте қаскөйлер бас салып, екеуін темір затпен соққының астына алған. Нәтижесінде Ысқақов басынан ауыр жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілсе, клубтың бас директоры басынан ашық жарақат алып, емханаға барудан бас тартқан.

Айта кетейік, футбол жанкүйерлеріне Ержанов "Тобыл" командасына жетекшілік етіп жүргенде кеңінен танылған. Бірақ, маман 2011 жылы бұл клубтан кетіп, 2014 жылдың басында "Ертіс" командасының басшысы болып тағайындалды. Ал, клубтың спорттық директоры Болат Ысқақов болса "Ертіс" командасында бірнеше жыл бойы қызмет атқарып келеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети