25 тамыз 2016 11:08

Есіктегі зорлау оқиғасы: ІІД полицейлердің әрекет етуге құлықсыздығы туралы шағымдарға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматы облысының Ішкі істер департаментінің өкілдері Есікте зорланған қыздың туыстарының полицейлердің ешқандай шара қолданбауына байланысты айтқан шағымдарына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының Ішкі істер департаментінің өкілдері Есікте зорланған қыздың туыстарының полицейлердің ешқандай шара қолданбауына байланысты айтқан шағымдарына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

"Алматы облысының ІІД өкілдері аудандық ІІБ полиция өкілдеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Аудандық полиция қызметкерлерінің әрекетінде қандай да бір заңбұзушылықты анықтасақ, оларға қатысты шаралар қолданылатын болады. Зорланған қыздың туыстарының айтуынша, сол уақытта көлік тізгінінде полицей болған. Туыстары айтқан мәліметтердің барлығы тергеу жұмыстары барысында тексеріледі", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, ІІД өкілдерінің айтуынша, осыған дейін ұсталған фигуранттар қолхат жазып, бостандыққа шықты. Айта кетейік, осы оқиға әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында хабарланған соң күдіктілер қамауға алынған болатын.

Еске салайық, бұл оқиға жайлы таяуда белгілі болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған. Өз кезегінде ІІД өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеудің жүріп жатқанын хабарлады. 

Полициядағылардың айтуынша, қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар. Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны. Олардың үшеуі ұсталып, Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Төртіншісі енді ұсталып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети