19 сәуір 2016 16:01

"Эйр Астана" пилоты сотта рейс алдында марихуана пайдаланғанын жоққа шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Есірткі қолданды деген күдікпен ұсталған "Эйр Астана" пилоты ұшақты мас күйде басқарды деген айыпты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Быковтың айтуынша, ол марихуананың дәмін алғаш рет 2015 жылы көрген, содан бері есірткіні үнемі қолданып келіпті. "Эйр Астана" әуе компаниясында ол 2006 жылдан бері жұмыс істеп келген.


Есірткі қолданды деген күдікпен ұсталған "Эйр Астана" пилоты ұшақты мас күйде басқарды деген айыпты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сот залынан. Быковтың айтуынша, ол марихуананың дәмін алғаш рет 2015 жылы көрген, содан бері есірткіні үнемі қолданып келіпті. "Эйр Астана" әуе компаниясында ол 2006 жылдан бері жұмыс істеп келген.

"Менің қалтамда аз мөлшерде марихуананың болғаны рас. Мен оны рейстен кейін ұшақтың басқышынан тауып алдым. Ұшақты есірткіге мас күйде басқарды деген айыппен келіспеймін. Менің несебімнен каннабиноид анықталды. Есірткі қолданғаным рас, дегенмен мен оны ұшардан бір апта бұрын, жұмыстан бос кезде пайдаландым", - деді Роман Быков.

Бұған дейін Быков марихуананы Алматыда пайдаланғанын, кейін қалтасынан алып тастауды ұмыстып кеткенін айтқан болатын. Сотта түсінік бере отырып, ол рейстің алдында 48 сағат бойы психобелсенділікті арттыратын заттарды қолдануға тыйым салынғанын айтты. "Бұл жолаушылардың қауіпсіздігіне әсер етпейді. Мен ұшу кезінде ешқашан қауіп төндірмегенімді айтқым келеді. Жағдайды үнемі бақылауда ұстап отырдым", - деді экс-пилот. Айтуынша, соңғы рет ол жылдық комиссиядан 2015 жылдың қыркүйегінде өткен.

Іс материалдарына сүйенсек, Роман Быковтан 1,55 грамм марихуана тәркіленген. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 286-бабы 1-бөлігі ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз алып өту") және ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 2-бөлігі ("Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау"), ҚР Қылмыстық Кодексінің 258-бабы ("Әуе кемесін есірткіге мас күйе басқару") бойынша айып тағылды.

Еске салайық, "Эйр Астана" компаниясының пилоты Роман БыковАлматы әуежайында есірткі затымен ұсталған болатын. Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілдері растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети