26 қараша 2014 17:06

Хромтауда полицейді тістеп алған тұрғын 3 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Хромтаудың полицейге шабуыл жасаған тұрғынына қатаң режимдегі колонияда 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшысын тістеп, тырнап алғаны үшін оған қатысты "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша іс қозғалды.

Полицейге 12 қыркүйекте шабуыл жасалған. Сол кезде учаскелік инспектор көмекшісімен бірге Алтын көшесінің бойындағы мейрамханаға телефон арқылы шақырту бойынша келді. Олар күдіктінің қоғамдық орында боқтық сөз айтып, қоғамдық демалыс орнындағы тәртіпті бұзып жатқанын көреді. Соттың мәліметінше, ер адам қызметтегі учаскелік инспектордың заңды талабына бой ұсынбай, өшпенділікпен қарсылық көрсетіп, оң қолының білегін қатты тістеп, тырнап алған. Сот мәліметіне сәйкес, бұл шабуыл зардап шеккен тәртіп сақшысының денсаулығы мен өміріне қауіпті күш қолдану ретінде қарастырылды. Күдікті құқық қорғау органдарының қызметкеріне жеңіл зақым келтіргенін хабарлады баспасөз қызметінің өкілі. Сотта ер адам өз кінәсін толықтай мойындады.

Еске сала кетейік, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Астанада да болды. "Алау" спорт кешеніне қарсы беттегі жолдың көлік жүретін бөлігінде жатқан мас ер адамды құқық қорғау органдарының қызметкерлері тауып алған кезде ол тұра жөнеліп, оларға шабуыл жасаған. Ол патруль көлігінің нөмірін жұлып, маңдай терезесін сындырды. Құрықтау кезінде күдікті полицейдің оң иығынан тістеп алған. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети