23 қаңтар 2015 16:35

Интернет-алаяқ өзгелердің есепшотымен коммуналдық қызмет ақысын төлеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ua-reporter.com ©ua-reporter.com

Солтүстік Қазақстан облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері азаматтардың банкомат карталарының құпия мәліметін Интернет арқылы ашып, есепшоттардан ақша алғысы келген адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері азаматтардың банкомат карталарының құпия мәліметін Интернет арқылы ашып, есепшоттардан ақша алғысы келген адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер органына қазақстандық банктердің бірі біреудің банк атынан интернет-қауымдастық қолданушыларына хабарлама таратып жүргенін хабарлайды. Күдікті өз хабарламаларында көбейіп кеткен алаяқтық жағдайларына байланысты деп, белгілі бір кестені толтыруды талап еткен. Осылайша, ол қазақстандықтардың құпия мәліметтерін, яғни банк картасының құпия коды мен құпия сөзін алмақ болады. "Жедел шара өткізу барысында Солтүстік Қазақстан облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің аты-жөнін анықтады. Ол Петропавлдың 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Банк хабарламаны өз уақытында айтқандықтан және полицейлердің шұғыл жұмыс істегендіктен алаяқ алған мәліметтері арқылы есепшоттардан ақша алып үлгермеді", - делінген ІІД  баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, интернет-алаяқтың екі бірдей банктің атынан хабарлама таратқаны белгілі болды. Өткен жылдың соңында ол адамдардың банк карталары арқылы коммуналдық қызметтер мен телефон байланысының төлемін жасаған.

Полиция өкілдері алаяқтық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Қазіргі уақытта қанша қазақстандықтың жалған кестені толтырып үлгергені анықталып жатыр. 

Полицейлер Интернет қолданушыларына алаяқтардың айла-әрекетіне алданып қалмауды ескертеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, алаяқтар түрлі айла-тәсілдерге барады: банктердің, жеке компаниялардың, мемлекеттік органдардың жұмысшысы болып танысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети