14 шілде 2014 10:48

Жамбыл облысында әскери полицей пара алғаны үшін ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Stud.kineu.kz ©Stud.kineu.kz

Жамбыл облысының қаржы полициясы ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты №5513 әскери бөлімнің әскери полиция бөлімшесінің аға тергеушісін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен маусым айында департаментке С. деген азамат шағымданып, әскери полицияның Р. деген азаматының қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін өзінен ақша бопсалап жүргенін айтқан. Баспасөз қызметінің мәліметінше, аға тергеуші С. деген азаматпен жеке кездескен кезде оған қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін 50 мың теңге көлемінде сыйақы беруді ескерткен.

Аға тергеуші қылмысы үстінде ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети