17 ақпан 2016 14:01

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы ІІД қызметкерлері бала өліміне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысы ІІД қызметкерлері бала өліміне қатысты істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылы 15 ақпанда сағат 17.00-де Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылындағы жекеменшік үйден кәмелеттік жасқа толмаған Дүйсенбек А. С. есімді баланың денесі табылған. Денеден зорлық белгілері анықталды. Осы дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 14-тармағы - "Кәмелетке толмағандығы белгілі баланы өлтіру" бойынша тергеу амалдары басталды.

ІІД өкілдерінің айтуынша, 2016 жылдың 16 ақпанында осы іске қатысы бар деген күдікпен К. есімді ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ол кінәсін мойындады.

"Қылмыс қаза тапқан баланың отбасының дүние-мүлкін тонаумен байланысты, яғни тұрмыстық сипатта болған. Осы іс бойынша сот сараптамалары тағайындалды, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жергілікті халықтың алаңдаушылық білдіруіне байланысты, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары қызметкерлері жиын өткізіп, тергеу барысында жиналған ақпаратты бөлісті", - делінген полиция хабарламасында.

ІІД өкілдері ауылда жағдайдың қалыпты екенін, тергеу амалдары бақылауға алынғанын мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети