11 наурыз 2022 10:06

Жамбыл облысында ұрланған 22 қару табылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: polisia.kz Сурет: polisia.kz

Жамбыл облысында ұрланған 22 қару табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Жамбыл облысында ұрланған 22 қару табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері кейінгі аптада 22 қару мен 800-ге жуық түрлі оқ-дәрі тәркіледі. Олардың ішінде үш жарық-шу гранатасы, бір травматика қаруы, бір тапанша, екі карабин, үш автомат, он екі аңшы мылтығы, екі газ тапаншасы бар", - делінген хабарламада.

Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалған. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адамның басқа құқықбұзушылықтарға қатысы анықталмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Полиция қызметкерлері аты-жөнін құпия ұстауға кепілдік береді.

Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, "102"-ге қоңырау шалу керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети