24 наурыз 2016 14:41

Жантүршігерлік қылмысын мойындаған экс-полицейдің ашық хатына Атырау облыстық ІІД түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Атырау облысы Ішкі істер департаменті экс-полицей Манарбек Өтеуовтің жазған ашық хатына байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Өтеуов жазған хатта Атырау қалалық ІІБ басшылығының көптеген қылмысқа қатысы бар екені айтылған болатын.


Атырау облысы Ішкі істер департаменті экс-полицей Манарбек Өтеуовтің жазған ашық хатына байланысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Өтеуов жазған хатта Атырау қалалық ІІБ басшылығының көптеген қылмысқа қатысы бар екені айтылған болатын.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта прокуратураның қызметкерлері Өтеуовтің хатында келтірілген деректерді тексеріп жатыр. Өтеуов болса адам өліміне байланысты айыпталып отыр екен. "Атырау қалалық ІІБ криминалдық полицияның басшылық құрамына қатысты хатта келтірілген деректерді прокуратураның жедел-тергеу тобы тексеріп жатыр. Топтың құрамында облыстық Ішкі істер департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері де бар. Хатта келтірілген әрбір дерек тексеріледі", - деді Атырау облысы ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлзира Мұхтарова.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде атыраулық экс-полицей Манарбек Өтеуовтің ашық хаты жарияланып, кеңінен таралған болатын. Нақтырақ айтсақ, Атырау қаласы Ішкі істер басқармасының бұрынғы қызметкері, 23 жастағы Манарбек Өтеуов 2015 жылдың тамызында басшыларының бұйрығымен адам өлтіргенін мойындап, хат жазған. Ол хатында адамдардың нақты аты-жөндерін атап, қалалық полиция қызметкерлерінің бірнеше кәсіпкерлерге "жәрдемдесетінін" айтады.

"Басшыларымның бұйрығымен мен Атырау қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлеріне қатысты 100-ге жуық қылмыстық іс жасадым. Ақша төлемегендерді түрмеге отырғыздық, оларды шығару үшін 500 мың теңгеден 7 миллион теңгеге дейін ақша талап еттік. Алматы қалалық ІІБ осылайша ауқымды бизнес-орталыққа айналды", - деп жазған Өтеуов хатында.

Сонымен қатар, Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Өтеуовтің үстінен 16 қылмыстық эпизод бойынша іс қозғалғанын, оның ішінде адам өлімі мен жалған құжат жасаудың бар екенін айтты. Қазіргі уақытта экс-полицей қамауда отыр. Іс сотта қаралады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети