26 қыркүйек 2014 17:45

Жоғалып кеткен 11 жастағы Леон Серікбаевты өз туысы өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда жоғалған 5-сынып оқушысы Леон Серікбаев. Фото әлеуметтік желілерден алынды. Қарағандыда жоғалған 5-сынып оқушысы Леон Серікбаев. Фото әлеуметтік желілерден алынды.

Қарағандыда 25 қыркүйек күні жоғалып кеткен 11 жастағы оқушының өліміне күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 5-сынып оқушысы Леон Серікбаев жеке үйлердің бірінің қоқыс төгетін шұңқырында өлі күйінде табылған болатын. 


Қарағандыда 25 қыркүйек күні жоғалып кеткен 11 жастағы оқушының өліміне күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске сала кетейік, 5-сынып оқушысы Леон Серікбаев жеке үйлердің бірінің қоқыс төгетін шұңқырында өлі күйінде табылған болатын. 

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 25 қыркүйек күні полицияға 45 жастағы әйел келіп, пәтерінен белгісіз біреулер қаракүзен тон ұрлады деп арызданған. Дәл сол күні құқық қорғау органына ол 11 жастағы ұлы - Леон Серікбаевтың жоғалғаны туралы да шағымданды.

"26 қыркүйек күні кәмелет жасқа толмаған, 2003 жылы туылған Леон Серікбаевты іздеуге арналған жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалды полиция қызметкерлері 20 жастағы Жаңаарқа ауданының жұмыссыз тұрғынын ұстады. Ол 25 қыркүйек күні пәтерден жоғалған баланың анасына тиесілі тонды ұрлағанын және кәмелетке толмаған баласын алып кетіп, кейін оған пышақ жарақатын салып, қылқындырғанын мойындады. Қылмыс ізін жасыру мақсатында ол баланың мәйітін қоқыс төгетін шұңқырға тастаған", - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.  Оның үстіне Леон Серікбаевті өлтірген күдікті әйел баланың анасының туысы болып шықты. Енді осыған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, Леон Серікбаев күндіз жоғалып кеткен болатын, бұл туралы оның әкесі сынып жетекшісінен білген, өйткені ұстаз баласының сабаққа келмегенін айтқан. Ол туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жария етілген болатын. Оны іздеуге еріктілер жасағы жиналды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети