02 наурыз 2023 16:07

Жол ережесін өрескел бұзған алматылыққа жарты миллион теңге айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлікті қауіпті жүргізген 22 жастағы жігітке жарты миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматыда көлікті қауіпті жүргізген 22 жастағы жігітке жарты миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жол ережесін өрескел бұзу дерегін полиция әлеуметтік желіні бақылау барысында анықтады.

"Біздің бөлімнің қызметкерлері тексеру жүргізді. Нәтижесінде Әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан BMW жүргізушісін анықтады.

Ол жол қозғалысы ережесін 29 рет өрескел бұзған. Оған Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 595-бабы 1-бөлігі бойынша ("Маневр жасау ережелерін бұзу"), Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 606-бабы 1-бөлігі бойынша ("Апаттық жағдай туғызу") 2 хаттама, жалпы 27 хаттама толтырылды. Жүргізушіге 534 750 мың теңге айыппұл салынды", - деді Алматы қаласы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзақбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети