01 тамыз 2014 20:07

Журналист әйелді ұрып-соққан полицейлер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Теміртауда журналист әйелді ұрып-соққан полицейлерге қатысты сот болды, - деп хабарлайды "Новый вестник". Тәртіп сақшылары алты жылға бас бостандығынан айырылды.


Теміртауда журналист әйелді ұрып-соққан полицейлерге қатысты сот болды, - деп хабарлайды "Новый вестник". Тәртіп сақшылары алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот барысында есірткіге қарсы күрес бөлімі қызметкерлерінің "Қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану" бабы бойынша кінәлері дәлелденді. Сотталғандар "5 канал" арнасының қызметкері Жанбота Сағидолланы оның подъезінде ұрып-соққан. Полицейлер "арнайы тапсырманы орындау барысында әйелді есірткі сатушымен шатастырып алдық" деп ақталды.

Жәбірленушінің айтуынша, ол сол күні дүкенге бармақ болып, үйінен шыққан. Подъездегі баспалдақта ол екі ер адамды көреді. Олардың бірі сыра ішіп, екіншісі темекі шегіп тұрған. Журналист олардың қасынан өте бергенде әлгілер оны шап беріп ұстап, аузын басып, ұра бастайды. Полицейлер әйелдің басын қабырғаға соққан.

Дәрігерлер Сағидолланың бірнеше жерден, соның ішінде, басынан қатты жарақат алғанын анықтады. "Журналист әйелдің өзі полицейлерге ұзақ мерзімді жаза беріледі деп күтпеген еді. Тараптар өзара ымыраға келгенімен, сот қатаң үкім шығарды. Есірткіге қарсы күрес бөлімі қызметкерлерінің ісі ірі қылмыс саналады", - дейді сот өкілдері.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети