16 қыркүйек 2014 11:44

Жылқы ұрлаған тұрғын түрмеде бес жыл отыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Қызылорданың жылқы ұрлаған тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қызылорданың жылқы ұрлаған тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам бұрын да екі рет сотталған екен. Ол арақ ішіп алып, түнде біреудің мал қорасына түскен. Айналада ешкімнің жоқ екенін көрген ол тоғыз жастағы атты ұрлап кетеді. Қожайыны ұрланған атты 1,2 млн теңгеге бағалады.

Ұры көп ұзамай ұсталды. Сот процесінде ол өз кінәсін мойындап, материалдық шығынды өтеді. Істеген әрекетіне өкініп, соттан жеңіл жаза беруді сұрады. Бірақ сот мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Қазақстанда жылқы ұрлығы - ең көп тараған қылмыстың бірі. Бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында ұлының операциясына қаржы табу үшін ағайынды барымташылардың бір үйір жылқы - 60 басты айдап әкеткені хабарланған еді. Мал иесіне келген шығын - 15 млн теңге. Олар үйірді Түркістанның мал базарында сатып жіберген. Олардан жылқыны тасуға пайдаланылған КамАЗ көлігі тәркіленді. Ұрланған жылқының жартысы заңды қожайынға қайтарылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети