08 шілде 2014 15:28

Қамауға алынған Оспанов өз блогында сауалдарға жауап беріп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Оспанов. ©Pm.kz Мұрат Оспанов. ©Pm.kz

Өткен бейсенбіде аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен тұтқындалған, оған дейін изоляторда отырған Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі мемлекеттік агенттік (ТМРА) төрағасы Мұрат Оспанов Қазақстанның мемлекеттік органдарының ресми блог-платформасы оқырмандарының сауалдарына жауап беруде, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

Мұрат Оспановқа соңғы сауал осы жылдың 1 шілдесінде жолданыпты, оған жауап кейінірек - 3 шілдеде жазылған. Өз хабарламасында ТМРА басшысы оқырманның сауалы мемлекеттік агенттіктің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментінің қарауына жіберілгенін айтқан. Мекеме төрағасы соларға тиісті тапсырма берілгеніне тоқталып, оқырманға жауапты сол жерден алуға кеңес берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін соттың Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасын тұтқындауға 2014 жылдың 3 шілдесінде санкция бергені хабарланған болатын. Қаржы полициясы оған табиғи монополиялар субъектісіне қолдау көрсетті және оның мүддесін көздеді, сол үшін 300 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағып отыр.

Мұрат Оспанов тергеу изоляторына қамалды. Ол пара алды деген күдікпен 1 шілдеде ұсталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети