22 ақпан 2016 11:03

Қапшағайдағы казинода түсірілген атышулы видеоролик кейіпкерлері полицияға шағымданбады - ІІД

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube © Youtube

Қапшағай аудандық Ішкі істер бөліміне казинода болған төбелес жөнінде шағым түспеген, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасап.


Қапшағай аудандық Ішкі істер бөліміне казинода болған төбелес жөнінде шағым түспеген, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ІІД ресми өкілі Көбейхан Нұрахметке сілтеме жасап.

Видеоға қатысты қалдырылған пікірлерде "Баха Есентаев есімді мемлекеттік қызметкер "Карлтон" казино-отеліне 40 мың доллар ұтылды" делінген болатын. Видеода тағы бір эпизод бар, онда ер адамның казино кассасынан 5 мың долларды қарызға сұрағанын көруге болады. Видеоның соңында тағы бір кадр көрсетіледі, онда 2015 жылдың 18 қазаны деп көрсетілген және ол жерде ер адам ойынханаға келген қонақтардың бірімен төбелеседі.

Айта кетейік, YouTube қолданушылары ролик кейіпкерін Баян Есентаеваның жолдасы Бақытбек Есентаевқа ұқсатты. Дегенмен Есентаева ол видеоға жолдасының еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді. "Иә, хабардармын. Видеоны көрдім. Айтарым, оған менің жолдасымның еш қатысы жоқ. Ол аттасы болуы мүмкін немесе біреу әдейі солай істеген. Ол менің жолдасым емес", - деді Есентаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети