03 қараша 2014 20:34

Қарағанды базарында мас әйел баласын сатпақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Vesti.kz сайтынан алынды Фото Vesti.kz сайтынан алынды

Қарағанды базарында баласын сатпақ болған әйел қолға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды базарында баласын сатпақ болған әйел қолға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға хабарласқан куәгер, базарда бір әйелдің емізулі баланы сатпақ болып жүргенін айтады. Оқиға орнына жедел жетіп, әйелді құрықтаған кезде оның мас екені белгілі болған. Алайда ол баласын сатпақ болғанын мойындамайды. Десе де ІІД бұл фактіні тіркеп, қазіргі таңда тексеру жүргізіліп жатыр. Дәлелденбеген деректерге қарағанда, 1984 жылы туған әйел емізулі баласын 500 теңгеге сатпақ болған. Сондай-ақ, ол базарда аукцион жариялаған. 

Бұған дейін Ақтөбедегі осындай жағдайдың жолын полиция кесіп, 48 жастағы әйел мен оның 24 жастағы қызының емізулі баланы сатпақ болған әрекетіне тосқауыл қойған еді. Тергеушілердің айтуына қарағанда, анасы ұйымдастырушы болып, бала тумай жатып сатып алатын адам іздестірген. Баланы екі бөлмелі пәтерге бағалаған. Бірнеше рет кездесіп, телефон арқылы сөйлескен соң әйел баланы 1,6 млн теңгеге сатуға келіскен. Ақша алып жатқан жерінде екі әйел де тұтқындалып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети