19 мамыр 2016 09:29

Қарағанды облысында нәрестесін қоқысқа тастаған келіншекті иттер тауып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазған маңындағы Кеңгір ауылында нәрестесінің аузын әжетханаға қағазымен жауып, қоқысқа тастаған келіншекті арнайы дайындалған иттер тауып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Жезқазған маңындағы Кеңгір ауылында нәрестесінің аузын әжетханаға қағазымен жауып, қоқысқа тастаған келіншекті арнайы дайындалған иттер тауып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

18 жастағы келіншекті иттер иісі мен ізіне түсіп отырып тауып беріпті. 

"Нәрестенің анасы ұсталды. Ол Кеңгір ауылының 18 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеушілер бастапқыда көтерілген бапты басқасына ауыстырды. Келіншек 100-бап "Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша айыпталып отыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. Айта кетейік, ол төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Сонымен қатар, полицейлер қазіргі уақытта келіншекпен тергеушілердің жұмыс істеп жатқанын айтты, алайда қыз тергеу изоляторында емес. Істің мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді екен.

Еске салайық, кеше Қарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылған болатын. Дәрігерлер нәрестенің жағдайы ауыр екенін хабарлаған еді. "Нәрестенің жағдайы өте ауыр, ол дұрыс тыныс ала алмай жатыр. Өкпесіне жасанды вентиляция қосылды, әзірше парентералдық қоректендіруде. Өміріне қауіп төніп тұр. Мерзімі жетпей туған, шамамен 23-24 айлық. Бізге оны ауыр жағдайда суықтап қалған күйі жеткізді. Қазір нәресте дәрігерлердің бақылауында", - деді балалар бөлімшесінің меңгерушісі Кәукен Жақсыгелдинова. Сонымен қатар, ол табылған нәрестенің ұл екенін айтты. Оған әзірше есім берілмеді. Инкубаторда қанша уақыт болатыны да белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети