05 қазан 2017 18:07

Қарағанды облысында үш жасар немересін жауыздықпен өлтірген ер адамға қатысты істің мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© atvbl.com © atvbl.com

Қарағанды облысында кішкентай баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс прокуратураның ерекше бақылауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында кішкентай баланы өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс прокуратураның ерекше бақылауында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаза тапқан бала туғанынан бастап Шет ауданында атасы мен әжесінің қолында тәрбиеленген. Баланың шешесі, күдіктінің қызы - жалғызбасты ана. Ол баланы босанғаннан кейін Қарағандыға нәпақа табуға кетіп қалған. Бала жақсы жағдайда өскен. Отбасының өз шаруашылығы бар және қолайсыз отбасы ретінде есепте болмағаны айтылады. Қаза тапқан баланың атасы мен әжесінің үлкен балалары бар және олардың отбасы құрғандығы белгілі болып отыр. 

"Күдікті 1974 жылғы. Ол зайыбымен бірге ауылда тұрып жатқан. Олар баланы бірге тәрбиелеген. Үш жасар бала 30 қыркүйекке қараған түні өлтірілген. Оқиға алдында ауылға азық-түлік саудалайтын көлік келген. Күдіктінің әйелі 3 шөлмек арақ пен балаға сусын алған. Ерлі-зайыпты күні бойына спирттік сусын ішіп, ал кешкі уақытта жанжал шыққан. Әйелі енесіне түнеуге кетіп қалған. Ол көрші тұрады. Ал бала атасымен бірге қалған", - деді Қарағанды облыстық 2-ші прокуратура басқармасының прокуроры Нұрлан Шолдақов.

Түнде не болғанын ешкім білмейді. Таңертең баланың әжесі үйге келгенде диванда жатқан немересін көрген. Бірақ әйел немересінің үстін жаппақ болып жақындағанда оның демалмай жатқанын байқаған.

"Осы кезде күдікті көшеде жүрген. Оған көршісі келіп сұлы сұраған болатын. Күдікті оған сұлыны беріп, көршісінің үйіне кеткен. Көршісі оған ішімдік ішуді ұсынады. Ал қайтыс болған немересін көрген әйел көршілеріне қарай полицияны шақыруға бара жатқанда жол-жөнекей күйеуін көрген. Ол өзінің әрекетін мойындап, әйелінен полицейге хабар бермеуді сұраған. Ол түрмеге қамалатынын айтып, жалынған. Әйелінің оның өтінішін орындаудан бас тартқанын естіген ер адам қашып кеткен", - деді прокурор.

Әйел полиция қызметкерлерін шақырған соң барлығын айтып берген. Қазіргі уақытта күдіктіге іздеу жарияланды.

Еске салайық, осының алдында Қарағанды облысында ер адамның баланы пышақпен бірнеше рет жарақаттап, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланған болатын. Ер адам баланың атасы болып келетіні айтылған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети