30 маусым 2016 17:31

Қарағанды облысында ұсталған лаңкестер ДАИШ-қа көмектеспек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© komi-news.ru © komi-news.ru

Қарағанды облысында қолдан жасалған жарылғыш құралдарды қолдана отырып, терактілерді ұйымдастырмақ болған радикал тобының бес мүшесі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз орталығына сілтеме жасап. Лаңкестердің бірінің 26 маусымда өзін-өзі жарып жібергені белгілі.


Қарағанды облысында қолдан жасалған жарылғыш құралдарды қолдана отырып, терактілерді ұйымдастырмақ болған радикал тобының бес мүшесі екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз орталығына сілтеме жасап. Лаңкестердің бірінің 26 маусымда өзін-өзі жарып жібергені белгілі.

"Балқаш қалалық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 257-бабының 1-бөлігі ("Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу") және 287-бабының 5-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және
жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша күдіктілерге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы бес материалды қарады", - деп хабарлады соттағылар. 

Қамау мерзімі 2016 жылдың 26 тамызына дейін. Күдіктілердің барлығы - Қарағанды облысының тумалары, 1979, 1981, 1985, 1980 және 1990 жылғылар. 

"2016 жылдың сәуірінде Қазақстан азаматы, Балқаш тұрғыны дәстүрлі емес діни ағымның ұстанушысы Қарағанды облысының Балқаш ауданынының территориясында сыбайластар тобын құрған, оған Балқаш және Гүлшат елді мекенінің тұрғындары кірген. Бұл лаңкестік топтың мақсаты - террористік қылмыстар жасау, оның ішінде Қазақстан Республикасында қолдан жасалған жарылғыш заттармен террористік актілерді жасау және "ДАИШ" халықаралық лаңкестік тобына көмектесу", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қарағанды облысында лаңкес өзін-өзі жарып жіберген еді. "2016 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысындағы Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолдана отырып, террористік актілер ұйымдастыруды жоспарлаған радикал топтың жолы кесілді", - деп мәлімдеген еді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети