06 маусым 2016 11:01

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Әбдішев бүгін бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты. Ол бүгін таңғы сағат 9.00-де түзету мекемесінен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Бауыржан Әбдішев 2015 жылдың 11 желтоқсанында ҚР Қылмыстық кодексінің 365-бабының 3-бөлігі ("Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау"), ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі "Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану" және ҚР Қылмыстық кодексінің 364-бабының 3-бөлігі "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу" баптары бойынша экономикалық қылмыс жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Алайда облыстық соттың апелляциялық алқасы 14 наурызда жазаны жеңілдетті, оның мерзімі үш жылға қысқарған еді. Сотталған Әбдішев түзету мекемесінде 1 жыл 7 ай 25 күн болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети