03 сәуір 2015 12:29

Қарағандыда бірінші сынып оқушысын зорлаған педофил іздеуде жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©rusnsn.info ©rusnsn.info

Қарағандыда бірінші сынып оқушысына шабуыл жасаған педофилге іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жапа шеккен оқушы қыздың туыстарына сілтеме жасап. Педофил мектептен қайтып келе жатқан қызды 16-шы шағын аудандағы тұрғын үйлердің біріндегі подъезге кіргізіп алып, зорлық сипатындағы әрекеттер жасаған.

"Оңбаған кішкентай қызды күндізгі уақытта зорлаған. Оқиға шамамен күндізгі сағат төрттер шамасында болды. Қыз оның түр-кескінін сипаттап берді - еуропалық, шамамен 25-30 жаста. Полиция педофилды табады деген үміттеміз", - деді жапа шеккен қыздың туыстары.

Қарағанды ішкі істер басқармасының Октябрь полиция бөлімшесінің өкілдері тергеу жайында айтып беруден бас тартып, педофилдың аты-жөні анықталып жатқанын ғана хабарлады. Қазіргі уақытта жапа шеккен қызбен психолог жұмыс істеп жатыр. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қарағандыда мектеп оқушысын зорлап, өлтірген педофилдың 22 жылға сотталғаны хабарланған еді. 2014 жылдың жазында Жидебай ауылының тұрғыны 14 жастағы қызды аңдыған. Оны аялдамада ұстап алып, жақын жердегі ғимаратқа алып келеді. Осы жерде қыз баланы зорлайды да, буындырып өлтіреді. Содан кейін оқушыны шешіндіріп, киім-кешегі мен жеке заттарын өртеп жібереді. Сот педофилді айыпты деп таныды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети