19 тамыз 2014 22:50

Қарағандыда жеті жігіт оқушыны өлтірді деп айыпталып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Зелепухин. ©nv.kz Денис Зелепухин. ©nv.kz

Қарағандыда 9-сынып оқушысы Денис Зелепухинді өлтірді деп айыпталып отырған жеті жігітке қатысты сот басталды, - деп хабарлайды "Новый Вестник".


Қарағандыда 9-сынып оқушысы Денис Зелепухинді өлтірді деп айыпталып отырған жеті жігітке қатысты сот басталды, - деп хабарлайды "Новый Вестник".

Мектеп оқушысының мәйіті осы жылдың көктемінде бұрынғы "Северная" шахтасы ауданында жер астынан табылған болатын. Оның Денистікі екені киімі мен тері үзінділерінде сақталған татуировка бойынша анықталды. Оған дейін балаға жарты жыл бойы іздеу жарияланған болатын.

Тергеудің мәліметіне қарағанда, күдіктілер Денисті сөз жеткізіп барғаны үшін өлтірген. Айыпталушылардың бәрі - полицияның есебіне ұры ретінде алынғандар. Олардың арасында Денистің көршілері де бар. "Біз бұлардың қатысы бар деп тіпті ойламадық, Денис олардың кейбірімен бала кезден дос еді", - дейді марқұмның әпкесі Галина Лацерус.

"Кешкісін Денис достарымен қыдырып кеткен еді, сөйтсек, ол ажалына кетіпті. Мен оған түнгі 12 жарымда қоңырау шалып, үйге келуді бұйырдым. Ол уәде бергенімен, келмеді. Телефоны байланыс аясынан тыс жерде болды. Оған Астанадан қызы келуі керек болатын, біз сонымен жүрген шығар деп ойладық. Жарты күннен кейін достарына барып, сұрастырдық. Оның екі жігітпен бірге кеткенін білдік. Қанішерлермен сөйлескенімді кейін білдім, олар маған тіпті көңіл де айтты. Бәрі Денис табылған жоқ па деп сұрап тұрды. Полиция әуеліде арызды қабылдамады, бірер күн күтуге кеңес берді. Кейін қайта арыздандық, содан кейін оған іздеу жарияланды", - дейді Денистің анасы Марина Зелепухина.

Әйелдің сөзіне қарағанда, Денис ұры балалармен дос болған. Олар бірігіп скутер ұрлаған. "Олардың бірі Денис бізді полицейлерге ұстап берді деп шешкен. Сөйтіп, оны өлтіруді ұйғарған", - дейді Марина. Оның айтуынша, Денистің тамағын орып жіберген, бір-бірін өзара сатып жібермеу үшін пышақты олардың әрқайсысы қолдарына алған. Сол себепті болар, олар көпке дейін ешкімге тіс жармады", - дейді әйел.

19 тамыз күні сот отырысында судья Қайрат Қасымов сотталушы тарап адвокаттарының істі тергеуге қайта жіберу туралы өтінішін қанағаттандырды. Адвокаттардың айтуынша, істе кімнің қылмысты ұйымдастырушы, кімнің орындаушы екені және оқиғаның себебі анық емес.

Сотталушылардың бәрі тұтқында отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети