18 қараша 2015 10:52

Қарағандыда өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырған ер адам саябақтан орындықтар мен урналарды ұрлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі © Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі

Қарағанды полициясы қалалық саябақтан орындықтар мен металл урна ұрлаған жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сітеме жасап.


Қарағанды полициясы қалалық саябақтан орындықтар мен металл урна ұрлаған жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сітеме жасап.

30 жастағы ер адам Қарағандыдағы аудандардың бірінде ұсталды. Ұрыны ұстауға Қарағанды ІІБ Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмектескен. Сонымен қатар, тұрғындар белгісіз ер адамның көлігіне қоқыс салатын урна мен орындықтарды тиеп жатқанын хабарлаған.

Оқиға болған жерге дереу жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарағандылық ер адамды ұстады, ол ұрлық жасағанын мойындады. Алаңдаған тұрғындарға ер адам өзін әкімдік қызметкері ретінде таныстырып, қоқыс урналары мен орындықтарды қыста қоймаға қою үшін алып бара жатқанын айтқан.

Қылмыскердің 43 орындық пен 22 урнаны ұрлап үлгергені анықталды. Қазір олар орнына қайта қойылды. Қалаға келген шығын жарты миллион теңгеден аса ақшаға бағаланды.

Ұсталған ер адамның үстінен ҚР ҚК 188-бабы "Бөтеннің мүлкін тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети