28 сәуір 2016 20:45

Қарағандыда полицейге зәрін шашқан жүргізуші қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

oo-osa.org oo-osa.org

Қарағандыда полицейге зәрін шашқан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағандыда полицейге зәрін шашқан жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша қамауға алынды. "Оған ҚР Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша айып тағылып отыр - 293-бап - "Бұзақылық", 378-бап - "Билік өкiлiн қорлау", 379-бап - "Билік өкіліне бағынбау", 380-баптың 1-бөлігі - "Билік өкiлiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өмiрiне немесе денсаулығына қауiпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндіру", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілі Бақытжан Құдияров.

Сотталған полицейдің әйелі оның адвокаты мен ІІД заңгерлерінің Жезқазған сотының шешіміне апелляциялық наразылық дайындап жатыр. Әзірше экс-сержант уақытша ұстау изоляторында. Бірақ 5 мамырда ол колонияға кезеңделеді. 

"Материалды зерттеу төрт айға жалғасты, күйеуім жұмыстан шектелді, материалдық жағынан қиналдық. Енді не боларын білмейміз. Әділдіктің болғанын қалаймыз. Менің күйеуім кінәлі емес. Ол мас жүргізушінің әрекетін тоқтатты, жүргізуші адамдардың өмірін жалмайтын еді", - деді Мөлдір Байсалова.

Еске салайық, қалалық жол-патрульдік полициясының қызметкері мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін сотталған болатын. Жүргізуші қанында табылған алкогольді көрсеткен куәландыру қорытындыларымен келіспей, зәрін сержантқа шашып жіберген. Осы кезде сержант оны шапалақпен ұрған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети