23 қаңтар 2015 14:33

Қарағандыда үш адам жеке компания өкілін тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қарағанды облысында жергілікті серіктестіктердің бірінің қызметкерін тонады деген күдікпен үш жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдіктілерді полиция үш минуттың ішінде ұстады.


Қарағанды облысында жергілікті серіктестіктердің бірінің қызметкерін тонады деген күдікпен үш жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдіктілерді полиция үш минуттың ішінде ұстады.

23 қаңтарда Қарағанды облыстық ішкі істер департаментіне жеке компаниялардың бірінің менеджері хабарласып, медициналық маска киген екі адамның оған қарақшылық шабуыл жасағанын айтқан. Қарақшылар оған үйінің ауласында тапанша кезеп, алтын алқасын, сақинасын, сағатын, ұялы телефоны мен ақша, құжаттары салынған әмиянын алып, автокөлікке отырып қашып кеткен.

Қарағанды қалалық ІІБ жол-патруль полициясы полкының өз учаскелерін патрульдеп жүрген полицейлері күдіктілер мен автокөлікке қатысты суреттелген деректер бойынша іздеу шаралын жүргізіп, қарақшылық жасаған үш адам отырған көлікті үш минуттың ішінде тоқтатты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, біреуінің жасы - 27-де, қалғандары - 23 және 24 жастағы қала тұрғындары. Олар қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады, олардан травматикалық тапанша, медициналық маскалар мен жәбірленушінің заттары тәркіленді. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 21 қаңтарда Астанада бірнеше дүкенді тонаған қарақшылардың ұсталғаны хабарланған болатын. Күдіктілер дүкенде тұтынушылардың жоқ кезін пайдаланып, сатушыларды ұрып-соққан, денелеріне пышақ жарақатын салып, ақша мен жеке заттарын алып кеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети