19 сәуір 2017 12:55

Қарағандыда ұсталған ер адам 17 жастағы қызды зорлағанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Golos.md © Golos.md

Қарағандыда 17 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген 21 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Қарағандыда 17 жастағы қызды зорлады деп күдікке ілінген 21 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Ағымдағы жылдың 18-ші сәуірінде аса ауыр қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде облыстық Ішкі істер департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері 21 жастағы күдікті анықтап, ұстады. Ұсталған азамат 17 сәуірде интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы танысып, кездесу барысында Шахтинск қаласының 17 жастағы тұрғынына қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді", - делінген баспасөз қызметінің таратқан хабарламасында.

Жеке кездестіру барысында жәбірленуші күдіктіні таныды. Оқиға орнынан айғақ заттар тәркіленді. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі трегеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Қарағандыда Алтын Арба базарының маңында орналасқан үйлердің бірінің кіреберісінде Шахтинск қаласының 17 жастағы тұрғыны зорланған еді. Колледжердің бірінде оқитын қыз Интернетте өзінен біршама үлкен ер адаммен танысқан. Ол оған Қарағандыда кездесуді ұсынған. Қыз ата-анасына туыстарының үйіне барамын деп шыққан, ал өзі ер адаммен кездесуге аттанған. Олар Қарағандыда кафеде отырған, содан кейін ер адам бір үйдің кіреберісіне алып кіріп, зорлаған. Есеңгіреп қалған қыз бірден полицияға хабар бермеген, ол өзінің Шахтинскідегі үйіне қайтқан. Сағат 19:00 шамасында қанның көп мөлшерде кетіп қалғанынан қыздың жағдайы нашарлап, Шахтинск ауруханасына жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети