10 қазан 2014 20:10

Қарағандының экс-әкімі қамаудан босатылмайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews иллюстрациясы  © Тengrinews иллюстрациясы

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша аппеляциялық сот коллегиясы Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловты қамауда қалдырды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz. Қарағандының бұрынғы әкімі тергеу жұмыстары аяқталғанша 2 ай бойы, яғни 1 желтоқсанға дейін  тергеу изоляторында отыратын болды.


Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша аппеляциялық сот коллегиясы Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловты қамауда қалдырды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz. Қарағандының бұрынғы әкімі тергеу жұмыстары аяқталғанша 2 ай бойы, яғни 1 желтоқсанға дейін  тергеу изоляторында отыратын болды.

Қарағанды облыстық сотының судьясы Қарлығаш Нұрмағамбетова сот қаулысын жария ету кезінде өзінің бұл шешімін былайша түсіндірді. Егер Смағұлов тергеу кезінде бостандыққа шықса, оның тергеу органдарынан қашуы және істің объективті тергелуіне кедергі келтіруі мүмкін екенін айтты.  

"Сот өзінің қаулысын өзгеріссіз қалдырудың жөн екенін алға тарты. Өйткені Қарағандының экс-әкімі екі бірдей эпизод бойынша ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Смағұлов ҚР ҚК-ның 4-бөлімі, 307-бабы бойынша айыпталуда. "Өзінің қызметін асыра пайдаланып, яғни мемлекеттік жауапты қызметте отырған шенеунік өзіне сеніп тапсырылған қызметке нұқсан келтірді, өз пайдасы үшін мемлекеттік билікке зиянын тигізді" - деді Қарлығаш Нұрмағамбетова өзінің қаулысында.

Алайда айыпталуышының адвокаттары соттан Смағұловты ешқайда кетпеу туралы қолқат арқылы босатуын сұрады. "Смағұлов алдын ала тергеу кезінде ешқайда жасырынып қашқан жоқ, жасырынуға әрекет те жасаған емес. Ол тергеу органдарына бірінші шақырудан-ақ келді. Смағұловтың отбасы, екі баласы бар. Сондай-ақ айыпталушының денсаулығы да нашар, оны дәлелдейтін медициналық анықтамалары да бар" - деді қорғаушылар. Алайда сот олардың сұрауын қанағаттандырмады.

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық іс материалында көрсетілгеніндей Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов 2013 жылы Қарағанды қаласында "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша үйлерді салумен айналысатын  "ЮТЭКС" құрылыс компаниясының құрылысшыларына өз үйін тегін жөндеткен. Компания экс-әкімнің үйін жөндеуге 5 миллион теңге жұмсапты. Бұрынғы әкім 2 қазан күні ұсталды

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети