10 ақпан 2015 13:04

Каспийде шекарашылар браконьерлер аулаған итбалықтарды тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Каспий жағасындағы өлі итбалық. ©azattyq.org Каспий жағасындағы өлі итбалық. ©azattyq.org

Каспийде браконьерлер аулаған жеті итбалық табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Каспийде браконьерлер аулаған жеті итбалық табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Шекара қызметінің "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасының "Сақшы" кемесі кезекті кезекшілігі барысында браконьерлердің құрған торын анықтады. Оны жинақтап, метрмен өлшегенде ұзындығы 500 метр болып шықты", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Торға 7 итбалықтың тұтылып қалғаны анықталды, оның бесеуі тірі болғандықтан теңізге жіберілді. Ал тағы екеуінің жансыз денесі жағалауға шығарылды. Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан - Ресей шекарасынан Каспийден браконьерлер аулаған 50 келі бекіре тұқымдас балықтың табылғаны хабарланған еді. Еліміздің батысындағы "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасына қарасты "Ганюшкино" заставасының наряды қызмет барысында Аяпберген ауылының маңайынан, мемлекеттік шекарадан 8 шақырым қашықтықта мұз бетінде нөмірсіз тұрған "ИЖ" мотоциклін тапты. "Мотоциклді тексеру кезінде одан бекіре тұқымдас балық салынған 2 қапшық балық табылды, салмағын өлшеп жібергенде 50 келіге жетіп жығылды", - делінген болатын Шекара қызметі таратқан хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети