28 сәуір 2015 19:23

Қайрат Жамалиевтің Lexus, Mercedes және Lamborghini автомобильдеріне тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews © Тengrinews

Кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкіне тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова айтып берді.


Кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкіне тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова айтып берді.

"№ 2 Есіл аудандық сотының қаулысымен 2015 жылдың 25 сәуірінде күдікті Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкі жөнінде тергеуші өтінімді қарады. ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы, 4-бөлігі бойынша мүлікті тәркілеу санкциясы қарастырылды. Санкция бойынша сот күдіктінің автомобильдерін (Lexus, Mercedes, Lamborghini), Астанадағы пәтері мен тұрғын үйін тәркілеуге қаулы шығарды. Қаулы әзірше күшіне енген жоқ. Апеллияциялық тәртіп бойынша қайта шағымдануға үш күн уақыт беріледі. Мүліктерге тыйым салынды", - деді Баянова.

Қазір Жамалиев қамауда отыр.

Еске сала кетейік, 24 сәуірде Астана тұрғыны Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіге өзінің ұлы Әлібидің аяусыз ұрып соғылғаны, бұл іске кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің қатысы болуы мүмкін екені туралы ақпарат жариялады. Оның айтуынша, 21 сәуірде ұлы Әліби Жұмағұлов үйден жарты сағатқа жұмыстарымен шығып кеткен. Түнгі уақытта Әлібидің досы қоңырау шалып, жас жігіттің ауыр жағдайда ауруханада жатқанын хабарлаған.

Жамалиев қамауға алынды. Сот оған тергеу амалдары біткенше екі ай мерзімде қамауда ұстау қаулысын шығарды. 

Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушылары қылмыстық іс бойынша айыпталып отырған Жамалиевтің иелігіндегі барлық орындарға "байкот" жариялау мәселесін көтеріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети