26 наурыз 2014 19:59

Қазақстандық азамат Лондоннан Алматыға амфетамин мен экстази әкеліп сатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото nnm.ru сайтынан алынды Фото nnm.ru сайтынан алынды

Қазақстандық азамат Лондоннан  амфетамин және экстази сынды есірткі дәрілерді әкеліп, Алматыда сатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. 


Қазақстандық азамат Лондоннан  амфетамин және экстази сынды есірткі дәрілерді әкеліп, Алматыда сатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. 

Литва азаматының қоластына қарасты қылмыстық топта жүрген қазақстандық азамат, ұзақ уақыт бойы Лондоннан Алматыға амфетамин мен метилендиоксиметамфетамин (экстази деген атаумен кеңінен белгілі) деген есірткі дәрілерді әкеліп сатқаны тергеу жұмыстары кезінде белгілі болды.

Ер адамға психоторопты заттарды заңсыз тасымалдағаны, сақтағаны, сатқаны үшін  айып тағылды. Қылмыстық істі  2013 жылы Алматыда  ҰҚД басқармасы қозғаған болатын. Осы іс бойынша алғашқы тыңдау 2014 жылдың 28 наурызында болады. 

Бұған дейін қазақстандық полиция қызметкерлері Ресейден тасымалданатын синтетикалық есірткіге тосқауыл қойғаны туралы хабарланған. 23 жастағы ресейлік азаматтан мың жарым дозадан артық синтетикалық есірткі тәркіленген болатын. Оның жалпы құны 10 миллион теңге. Тергеушілердің ақпаратына сүйенсек, есірткі Щушинск-Бурабай демалыс аймағына, Астана қаласындағы ойынханалар мен түнгі клубтарға жеткізілмекші болған. 

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, синтетикалық есірткі заттарға сұраныс қалталы азаматтар мен байдың балалары арасында үлкен сұранысқа ие көрінеді. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети