12 сәуір 2017 21:36

ҚазҰАУ студентінің өліміне күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com / Дидар Болысбек © vk.com / Дидар Болысбек

Алматы полициясы ҚазҰАУ студентінің өліміне қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 


Алматы полициясы ҚазҰАУ студентінің өліміне қатысты мәліметтерді жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметінің өкіліне сілтеме жасап. 

"Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы (ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі және ҚР ҚК 194-бабы) бойынша біріңғай реестрге тіркелген. Қылмысқа күдікті ретінде осы жоғарғы оқу орнының екінші курстың екі студенті ұсталып, қамауға алынды. Басқада адамдардың осы іске бар-жоғы тексеріліп жатыр. Осы мақсатта кешенді жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы ІІД -нің баспасөз қызметіндегілер. 

"Ол жерде күтпеген клиникалық өлім. Оның денесінен сырылған немесе соққы іздері табылған жоқ. Онда кезекшілер 12-ге дейін болды, содан кейін кетіп қалған. Мен әрдайым балалармен, студенттермен біргемін. Мен түнде Түркиядан ұшып келдім, онда бүкіләлемдік конгресс өтті. Таңертең жатақханаға келдім. Бұлар - менің балаларым, мен осылар үшін өмір сүріп, жұмыс істеймін. Маған өте ауыр тиді", - деді Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов. 

Сонымен қатар, тілшінің төбелеске қатысқан қалған тоғыз баланың есімдері кімдер деген сұрағына, әкімшіліктегілер тергеу жүріп жатқандығын және ресми түрде тергеу қорытындысы бойынша жарияланатынын жеткізді. 

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақ ұлттық аграрлық университеттің жатақханасында болған жаппай төбелестен студенттің қаза тапқаны хабарланған болатын. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 адам төбелескен. Зардап шеккендердің бірі кәмелет жасына толмаған. Төбелеске қатысқан барлық адам ұсталды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Төбелес болған жер. Жатақхана аумағы. © Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети