02 ақпан 2015 20:34

"Керуен" орталығы маңындағы атыс бойынша тағы бір күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©yvision.kz ©yvision.kz

Астанада былтыр "Керуен" сауда - ойын-сауық орталығы маңында болған атысқа қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Астанада былтыр "Керуен" сауда - ойын-сауық орталығы маңында болған атысқа қатысы бар күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысты жасауға 1985 жылы туған К. деген азаматтың қатысы барын анықтады. Жедел-іздестіру шарасын жүргізу кезінде Алматы облысындағы Есік қаласы аумағында К. ұсталды, ол қылмысты жасағанын мойындап, жауап берді", - делінген таратылған хабарламада.

Күдікті Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар басқа да азаматтарды анықтау жөнінде тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Еске салайық, 2014 жылдың 26 қаңтарында "Керуен" сауда - ойын-сауық орталығы маңында белгісіз біреулердің травматикалық тапаншадан бірнеше рет оқ атып, Алматы қаласының 36 жастағы азаматына дене жарақаттарын салғаны хабарланған еді. Бұл дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Кейін Астана полициясы бұл оқиға бойынша күдікті ретінде Өзбекстанның екі азаматы ұсталғанын хабарлады. "26 қаңтар күні департаменттің Жедел басқару орталығына белгісіз біреулердің травматикалық тапаншаны қолданып, Алматы қаласының 1979 жылы туған тұрғыны Мұқажановқа дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түсті. Ол азамат жарақаттанғаннан кейін медициналық мекемелерге көрінбеген", - деп хабарлаған еді қалалық ІІД баспасөз қызметі. Күдік бойынша ұсталған екі адамның бірі бұрын Қазақстанның көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Жәбірленушінің сол кезде берген жауабына қарағанда, атылған 10-ға жуық оқтың үшеуі оның басына тиген. Оның айтуынша, қарулы адамдар мұны басқа біреумен шатастырып алғанға ұқсайды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети