20 маусым 2014 11:16

ҚМЭБИ-дің бұрынғы бас есепшісіне сот үкімі шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елена Данилова. Тengrinews.kz иллюстрациясы Елена Данилова. Тengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының бұрынғы бас есепшісі Елена Данилова бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу аудандық сотына сілтеме жасап.


Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының бұрынғы бас есепшісі Елена Данилова бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу аудандық сотына сілтеме жасап.

Еліміздің қаржы полициясы Даниловаға 14 млн теңге жымқырғаны үшін іздеу жариялаған болатын. Бас прокуратураның талап етуімен бұрынғы бас есепші БАӘ-ден экстрадицияланды. Ол қазір уақытша ұстау изоляторында. Айыпталушы бұлтартпау шарасын өзгертуге өтініш білдірді. Медеу аудандық прокурорының қаулысымен Данилова жалпы құны ширек миллион доллар тұратын екі жер телімін кепілге қойып, бостандыққа шығарылды.

Сот оны "Жымқыру" бабы бойынша айыпты деп тауып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Сот оған арнайы мемлекеттік органға ескертусіз тұрғылықты мекенжайын, жұмыс немесе оқу орнын өзгертпеуді міндеттеді. Сонымен бірге Даниловаға кешкі мезгілде кафе-мейрамханаларға да баруға тыйым салынды.

ҚМЭБИ-дің бұрынғы бас есепшісі сот үкіміне 15 күн ішінде шағым келтіре алады. Еске салайық, Елена Даниловаға Интерпол желісі бойынша 2011 жылы іздеу жарияланған еді. Сол жылдың мамырында ол БАӘ-ден табылды. 2013 жылы БАӘ Әділет министрлігі оны Қазақстанға экстрадициялау жөнінде шешім қабылдады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети