18 ақпан 2014 15:26

Контрабандашылар шекарашыларға тас жаудырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қырғызстан контрабандашылары қазақстандық шекарашыларға тас лақтырып, сес көрсетті деп хабарлайды Kazakhstan Today. Оқиға "Сыпатай батыр" шекара заставасында болған. 18 ақпанға қараған түні шекарашылар ел аумағына шаруашылық тауарларын алып өтпек болған адамдарды байқайды. "Volkswagen Passat" көлігін мінген алты контрабандашы шекарадан 1,5 центнерге жуық жүкті алып өтуге әрекеттенді. Шекарашыларды көріп қалған кезде олар шекара жасағына тас лақтырып, оқиға орнынан қашып кетуге тырысты. Шекарашылар ескерту ретінде ауаға оқ атты, заң бұзушылардың екеуі - Қазақстан азаматы, олар ұсталды. Қалған адамдар көрші мемлекет аумағына кетіп, із жасырды", - дейді Шекара қызметінің баспасөз қызметі. Контрабандалық жүк тиелген автокөлік шекара заставасына жеткізілді. Осы күні "Шаған авто" шекара тұрағында тағы бір контрабандашы ұсталды. 65 жастағы қазақстандық "ГАЗ-33021" автокөлігімен 20 келі бекіретұқымдас балықты Ресейге заңсыз алып өтпек болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети