14 шілде 2014 16:09

Көпбалалы әйел жарылғыш зат жайлы жалған хабар берген

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Metronews.ru ©Metronews.ru

Шымкентте сегіз баласы бар әйел "Мега-орталықта" жарылғыш зат бар деп, жалған хабар берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІДД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шымкентте сегіз баласы бар әйел "Мега-орталықта" жарылғыш зат бар деп, жалған хабар берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ІДД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер террорлық әрекет туралы жалған хабар берген 46 жастағы әйелді ұстады. Оқиға жұма, 11 шілде күні болды. Әйел полицияға "Мега-орталыққа" екі ер адамның қорап әкеліп тастағанын хабарлаған. Ол қораптан сағатты механизмнің дыбысы естілетінін айтыпты.

Оқиға орнына шұғыл қызметтер мен "Арлан" арнайы жасақ бөлімшесінің саперлік тобы келді. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, орталықтан 700 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жақын маңдағы көшелерде көлік қозғалысы тоқтатылды. Саперлер сауда орнын тінтіп шықты, бірақ жарылғыш зат табылған жоқ. Қоңырау шалған адамның ақпараты жалған болып шықты.

Күдікті сол күні-ақ ұсталды. Қызылорда облысында туған келіншек сегіз баласымен Шымкентте тұрып жатыр екен. Полицияның мәліметінше, ол мұндай әрекетке бұзық ниеттен барған, себебі қоңырау шалғаннан кейін телефонын қоқысқа тастап, өзі жасырынып үлгерген. Бұл дерек бойынша "Терроризм акті туралы көпе-көрінеу жалған хабар беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті көпбалалы әйел болғандықтан, ол ешқайда кетпеуі туралы қолхатпен уақытша босатылды. Шымкенттегі "Мега-орталық" - Қонаев және Тәуке хан көшелерінің қиылысында, ол 2007 жылы ашылған.

Бұл әйел бұрын да осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған болып шықты. 2013 жылы Қызылорда облысында жалған ақпаратымен шұғыл қызметтерді аяғынан тік тұрғызған. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети