15 сәуір 2014 19:34

"Қордай" кеденінде қылмыстық схема анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі ©Жамбыл облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысында "Қордай" кеденінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері контрабандалық көліктерді заңдастырудың қылмыстық схемасын әшкереледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында "Қордай" кеденінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері контрабандалық көліктерді заңдастырудың қылмыстық схемасын әшкереледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, контрабандашылар "жалған транзит" әдісін қолданған. Шетелден әкелінген көліктерді Кеден одағының аумағымен өткізбек болып есепке қояды да, кейін түрлі себеппен Қазақстан аумағында заңсыз қалдырады. Кедендік тазарту рәсімінсіз қалатын көліктердің есебінен контрабандашылар мол табысқа кенеледі. 

"2013 жылы Қазақстан Республикасының аумағына жалпы кедендік құны 37 млн 355 мың теңге болатын 14 автокөлік әкелінген. Мемлекетке келтірілген шығын - 49 млн 114 мың теңге. Контрабанда деректері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 209-бабының 1-бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілерімен 14 қылмыстық іс қозғалды", - делінген таратылған хабарламада.

Қылмыстық тергеу барысында "Қордай" кедені қызметкерлерінің бұл фактілерге қатысы анықталады. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 2-бөлігі ("Қызметтік өкілеттікті теріс пайдалану") бойынша 9 қылмыстық іс қозғалды.

"Кеден органдарында контрабанда жолымен баюды көздейтін "пысықайларға" заңсыз жәрдемдесіп жүрген өз қатарымыздағы қызметкерлерді анықтау жөнінде салмақты жұмыс ұйымдастырылды. Кеденшілердің бұл бағыттағы жұмысы нәтижесіз емес - қылмыстық схемалар анықталып жатыр, оны құруға қатысы бар кеден қызметкерлері жұмыстан шығару мен қылмыстық іс қозғауға дейінгі толық жауапкершілікке тартылады", - дейді Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2013 жылдың ақпан айында да "Қордай" кеденінде "жалған транзитке" қатысы бар қызметкерлер анықталған болатын. Ол кезде экономикалық контрабанда дерегі бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети