04 қыркүйек 2017 16:35

"Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы бойынша сот басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Қорғастағы" кісі өлтіру оқиғасы қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдына Алматы облысының 22 жастағы тұрғыны Диас Кәрібжанов келіп отыр. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша ("Адам өлтiру") айыпталып отыр.

Диас Кәрібжановтың анасы ұлының тек өзін қорғап қалмақ болғанын айтады.

"Ұлымда оны қасақана өлтіру туралы ой болған жоқ. Біз оған тағылған айыпты, яғни, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабын 102-бапқа ("Қажеттi қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру") өзгертуін талап ететін боламыз", - деді айыпталушының анасы Жанар Кәрібжанова.

Қазіргі уақытта сот куәгерлерден жауап алып жатыр. Келесі сот отырысы 14 қазанға белгіленді.

Еске салайық, биыл 4 маусымда Интернетте осы оқиғаның видеосы таралған еді. Қылмыс "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы (ШЫХО) территориясында болған. Видеобақылау камерасына түсірілген видео Интернетте таралып жатыр. Кадрлардан екі ер адамның төбелескенін көруге болады. Біреуінің қолында пышаққа ұқсас зат бар. Бірнеше секундтан кейін олардың бірі ес-түссіз құлайды. Пышақтаған адам кетіп қалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети