05 тамыз 2014 14:37

Қоршаған ортаны ластаған ЖШС басшысы екі жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрғылау қалдықтары.  ©Злата Удовиченко Бұрғылау қалдықтары. ©Злата Удовиченко

Батыс Қазақстан облысында "Батыс-Табиғат" ЖШС бұрынғы директоры Нәсіпқали Машанов қоршаған ортаны ластағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Мой город". Үкімді Зеленов ауданының №2 cоты 4 тамыз күні шығарды.


Батыс Қазақстан облысында "Батыс-Табиғат" ЖШС бұрынғы директоры Нәсіпқали Машанов қоршаған ортаны ластағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Мой город". Үкімді Зеленов ауданының №2 cоты 4 тамыз күні шығарды.

Машановке қатысты іс сотқа "Өкілеттікті асыра пайдалану", "Экологиялық жағынан әлеуетті қауіпті химиялық және радиоактивті заттарды өндіру мен қолдануда экологиялық талаптарды бұза отырып, қоршаған ортаның ластануына немесе аурудың жайылуына әкеліп соқтыру", "Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, бланктер мен мемлекеттік награларды жасау, дайындау немесе сату" баптары бойынша берілген болатын.

Кәсіпорын мұнай кен орындарындағы бұрғылау қалдықтарын тасымалдаумен және залалсыздандырумен айналысады. Тергеудің мәліметінше, оның басшысы 2011-2012 жылдары қалдықтарды залалсыздандыру полигонының жоқтығына қарамастан, жалған экологиялық және рұқсат беру құжаттарын ұсына отырып, Федоров блогында өндірістік қызмет қалдықтарын шығару мен орналастыру жөніндегі тендерге қатысқан. 2012 жылдың соңында келісімшарт жасамай-ақ, жүк көліктерін жалдап, бұрғылау шлам қалдықтарын шығарып, Зеленов ауданындағы Кирсаново ауылынан 4-6 шақырым қашықтықтағы ауыл шаруашылығы жерлеріне төккен. 

Қоршаған ортаға келген зиян 120 млн теңге деп есептелді. Бұл сома Машановтан өндірілетін болады. Кәсіпорынның бұрынғы басшысы "Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, бланктер мен мемлекеттік награларды жасау, дайындау немесе сату" бабы бойынша ақталып шықты. Оның бұл айыбы дәлелденген жоқ.

Бұған дейін Зеленов аудандық №2 сотының қоршаған ортаны ластаған "Мұнайавтотранс" ЖШС директоры Аслан Мұхановқа 900 млн теңгеден астам айыппұл төлеуді міндеттегені хабарланған болатын. Ол бұрғылау шламы түріндегі қауіпті қалдықтарды полигонға апарудың орнына Зеленов ауданының Рубежин және Дарьин ауылдарының іргесіне төкті деп айыпталды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети